Елордада «Жаңа инновациялық кәсіпорындарды сырттай қаржыландыру әдістері» тақырыбында конференция өтеді

None
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Мамырдың 21-і мен 22-сі аралығында Астанада «Жаңа инновациялық кәсіпорындарды сырттай қаржыландыру әдістері» тақырыбында халықаралық конференция өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің таратқан хабарламасына сілтеме жасап. Аталған шараны ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер орталығы» АҚ, сондай-ақ БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы бірлесіп өткізбек. Ұйымдастырушылардың мәліметіне қарағанда, конференция жұмысында инновациялық кәсіпорындар мен кәсіпкерлікті дамыту, зияткерлік меншік, инновацияларды қаржыландыру және басқа да өзекті мәселелер талқыланбақ. Конференцияға мамандандырылған мекемелердің, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері шақырылып отыр.