«Әкімдік өмір сапасы мен ұзақтығына әсер ететін негізгі ауруларға назар аударып отыр. Соңғы 10 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері бойынша оңтайлы қарқын бар. Инсульттік орталықтардың ашылуы, диагностика мен емдеуде жаңа технологияларды қолдану өткен жылы инсульттен өлім-жітімді 33,7 пайызға, ал миокард инфаркты 36,4 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді», - деп тоқталды әкім.
Бұдан бөлек ол медициналық көмек көрсетуге айрықша мән беріліп отырғанын жеткізді. Тек 2017 жылы 8 700 медициналық мамандар біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Сонымен қатар, 40 дәрігер Оңтүстік Корея, Израиль және Германияның үздік клиникаларында білімін жетілдірді. Ағымдағы жылы да бұл жұмыстар жалғаспақ.
«Биылғы қыркүйектен бастап дәрігердің жұмыс орнын толықтай автоматтандыру қамтамасыз етіліп, қағазбастылық кезең-кезеңмен жойылады», - деді Исекешев.
Атап айтқанда, медициналық ұйымдардың шамадан тыс жүктемесі мен олардағы кезектілік мәселесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі көмегімен шешілуде.
«Жаңа емханалардың құрылысының орнына сенімгерлік басқаруға берумен қолайлы ғимараттарды сатып алу жоспарланып отыр. 2025 жылға дейін 10 емхананы ашу көзделген. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы 20 млрд теңгені үнемдеу мүмкіндігі бар», - деді әкім.
Белгілі болғандай, Сарыарқа ауданында көпбейінді жаңа аурухананың құрылысы жоспарға енгізілді.