Елордада жаңадан салынып жатқан конькимен жүгіру стадионында 2 адам зардап шекті
10:15, 15 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Елорданың жаңадан салынып жатқан «Конькимен жүгіру стадионы» нысанында монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан 48 жастағы монтаждаушы мен 29 жастағы дәнекерші 10 метрлік биіктіктен құлап кетті,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Төтенше оқиға сәрсенбі күні орын алған. Зардап шеккен азаматтар ауруханаға жеткізілді.