Елордада Жаңартылатын энергия көздері бойынша ІІІ саммит өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 қыркүйекте елордада Жаңартылатын энергия көздері бойынша ІІІ саммит (Renewable Energy Summit 2019) – халықаралық индустриялық алаңы өтеді, оның жұмысына әлемнің түрлі елдерінен 300 астам делегат пен спикерлер қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Саммиттің мақсаты –жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуын талқылау, сондай-ақ еліміздіңжәне бүкіл әлемдік қоғамдастықтың «жасыл» болашағын» құрудағы үздік идеялар ментиімді шешеімдерді іске асыру.

Сондай-ақ, жоба Қазақстанға жаңартылатын энергиякөздері саласындағы жобамен жұмыс істейтіндерді, инвесторларды және технологияжеткізушілерді, сондай-ақ қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасу үшін бүкіләлемнен жетекші мамандарды тарту бойынша стратегиялық міндетін шешеді.

Саммит Қазақстанның жаңартылатын энергетикақауымдастығы мен ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры бірлесіп ұйымдастырады.

Іс-шара Kazakhstan Energy Week 2019 (KEW-2019)жобасы шеңберінде өтеді, оны KAZENERGY қауымдастығыҚазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен іске асырады.

Саммит спикерлері қатарында келесі сарапшыларкүтіледі:

Қанат Бозымбаев, Қазақстан РеспубликасыныңЭнергетика министрі; РаеКвон Чунг, Нобель сыйлығының лауреаты;«Жаһандық энергия» сыйлығын беру жөніндегі Халықаралық комитеттің мүшесі; Аркадий Дворкович, «Сколково» қорының төрағасы, ФИДЕ президенті; Болат Ақшолақов, KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры; Руслана Лыжичко, Украина халық әртісі, Таза энергия елшісі, Еуробайқау 2004 жеңімпазы,Украина Радасының экс-депутаты; Владимир Школьник, Энергетика,индустрия және сауда экс-министрі, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК басшысы, ҚазақстанРеспубликасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі; Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты; ДәрменСәдуақасов, «Dasco Consulting Group»басқарушы серіктесі; Армен Арзуманян, «Болашақэнергиясы» USAID өңірлік бағдарламасының жетекшісі; Рамазан Жәмпейісов, БҰҰДБ тұратқы дамудепартаментінің директоры; АйдарҚазыбаев, «АХҚО» Әкімшілігініңбасқарушы директоры; МарленІзбасханов, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры; Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰ Дамубағдарламасының тұрақты төрағасы; Жомарт Момынбаев, «Заманауи инновациялық технологиялар» ЖШС серіктесі; Руслан Жемков, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК»АҚ басқарушы директоры; ЕвгенийВагарин, Rodina AG Бас директоры және негізін қалаушы, Чернобыль уүн АЭС әзірлеушісі және иесі; Арман Қашқынбеков, ҚазақстанЖаңғыртылатын энергия қауымдастығының бас директоры.

ҚатысушыларҚазақстандағы және әлемдегі жаңартылатын энергетиканың бірқатар стратегиялықмаңызды және өзекті мәселелерін талқылайды. Жаңартылатын энергетика болашағы:жаһандық үрдістер мен қазақстандық тәжірибе; «Жасыл» қаржы және «жасыл»экономика: Қазақстанда қандай қаржы құралдары және ЖЭК дамытудың инвестициялықмүмкіндіктері бар? ЖЭК жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық нәтижелері менперспективалары; Best Cases: Қазақстанда ЖЭК облысындағы ең табысты жобалардыңрейтингі; секілді тақырыптар көтеріледі.

Сондай-ақ, саммитшеңберінде әлеуетті инвестор ЖЭК саласындағы стартап-жобалардың арнайытаныстырады. Қазіргі уақытта қатысушылардың өтінімдерін жинау жүргізіліп жатыр,одан кейін ұйымдастыру комитеті іс-шара шеңберінде жеке әзірлемелерін ұсынаалатын ең перспективалы қатысушылардың тізімін жасайды. Осы секцияға қатысуғаөтінім беру мерзімі – 1 тамызға дейін. ЖЭК саммитіне қатысуға тіркеу іс-шараныңресми сайтында - resummit.kz жүзегеасырылады.

Соңғы жаңалықтар