Биыл жаңажылдық қайырымдылық жәрмеңкесіне адам өте көп жиналды. Жәрмеңкеге кіре берістер келушілер лотерия билеттерін сатып алды. Онда түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылды. Ал бағы жанған адамға «Lada X-Ray» көлігі бұйырды.
«3 500 сыйлық ойнатылды. Іс-шара аяқталғаннан кейін қызметкерлеріміз лотереядан ұтқан қонақтардың бәріне қоңырау шалып шығады. Сыйлықты сейсенбіден бейсенбі күнге дейін сағат 12-00-мен 15-00 аралығында алуға болады. Бұл іс-шараның негізгі мақсатты – Қазақстандағы мұқтаж ұйымдарға әлеуметтік көмек көрсету. Бүгін келген барлық қонақ кіру билетін және лотерея билетін сатып алды. Жиналған қаражаттың барлығын қайырымдылық мақсатқа жұмсаймыз», - деді Қазақсандағы Бразилия Елшісінің жұбайы Лениз Барбоса.
Іс-шара қатысып, жолы болған қонақтар 9 түрлі бағытқа (7 халықаралық, 1 ішкі және 1 ваучер) әуе билеттерін, тұрмыстық техника сататын ірі дүкендерге сертификаттар алды. Сонымен қатар зергерлік бұйымдар, әлемге танымал брендтердің киімдері, қонақ үйге түнеу, Астананың үздік мейраханаларына сертификаттар, йога мен бимен айналысуға, СПА/массаж және косметикаға арналған абонементтер, кеңсеге арналған орындықтар, балалар банкетіне арналған абонементтер, медициналық тексеруден өтуге арналған вацучерлер, Елшіліктің дәстүрлі сыйлық жиынтықтары тарту етілді.