«Сәрсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 8 10°C, күндіз 15 17°C болады», - делінген Қазгидромет таратқан ақпаратта.
Апта соңында (бейсенбі күні) күн ала бұлтты болып, түнде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 7 9°C, күндіз 16 18°C болады. Жұма күні синоптиктердің болжамынша, көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашынды болады, күн күркірейді. Шығыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 7 9°C, күндіз 17 19°C болады.