Елордада және тағы 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 қаңтар күні Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 9 қаңтар күні ел астанасы - Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Теміртау, Шымкент, Семей және Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады.

Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.