Елордада және тағы бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

23 маусымда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, солтүстік-шығыстан және солтүстіктен соғатын жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Аймақтың басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

23 маусым күндіз Нұр-Сұлтан қаласында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан және солтүстіктен жел соғады. Жел жылдамдығы 15-18 м/с болады.

23 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с.

23-24 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. 23-24 маусымда солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады. Кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

24 маусым күндіз Петропавл қаласында солтүстіктен соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.