Елордада және үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада және үш өңірде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Астана қаласында 10-11 тамызда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

10-11 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай нөсер жауады, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі.

10 тамызда тәулік бойы Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді, бұршақ, дауыл күтіледі.

10-11 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағайлы жаңбыр болуы ықтимал, сондай-ақ 10 тамызда өңірде бұршақ, дауыл күтіледі.