Елордада Жангелдин көшесіндегі көлік қозғалыс ішінара жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - №187 (Ә.Жангелдин) көшеде қозғалыс 5 қазанға дейін жартылай жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Әліби Жангелдин көшесінде Шабал Бейсекова көшесінен Кенжебек Күмісбеков көшесінен дейінгі учаске құрылысы» жобасына байланысты 2-5 қазан аралығында 187-көшеде Ш. Бейсекова көшесінен Дарынды қыз балаларға арналған мектеп-интернатқа дейінгі учаскеде көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.

«Жүргізуішлер кептеліс болдырмас үшін баратын бағдарын алдын-ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.