«Бұл - Қазақстандағы, Астанадағы ең алғашқы ілкі жоба. Біз мұның одан ары да өз жалғасып тауып, халықпен жұмыс істеудегі тұрақты жобаға айналарына сеніміміз мол», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл акция екі бағытта өрбитін болады. Бірінші бағытта жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер халықтан жинап алынады. Ал екінші бағытта сынап термометрлер электронды термометрлерге ауыстырылатын болады.
«Біз жарамдылық мерзімі аяқталған кәдеге жарамайтын дәрі-дәрмектерді халықтан жинап алмақпыз. Өйткені, қазіргі уақытта халық жарамсыз дәрі-дәрмекті қоқыс жәшіктеріне тастай салады. Ал бұл экологиялық нормаларға қайшы. Ал жарамсыз дәрі-дәрмекті жинайтын арнайы жәшіктер елорданың бірқатар дәріханаларына орнатылады», - деді Д.Терешкевич.
Оның атап өтуінше, екінші акция аясында кеше елорданың мемлекеттік медициналық ұйымдарында 1100 электронды термометрді сынап термометрге алмастыру шарасы өткізілген. Фото: Марат Кураков