- Байқау шығармашыл жастарды қолдауға, ұлттық салт-дәстүрлерімізді нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл елордалық талантты жастарды анықтаудың жақсы мүмкіндігі, - деді Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ербол Рысбаев.
Байқау жастарды тәрбиелеу кезінде ұлттық салт-дәстүрлерді кеңінен тарату және ұрпақтар сабақтастығы бойынша іс-шаралар аясында ұйымдастырылады. Шара барысында 14 пен 25 жас аралығындағы жастар ұлттық аспаптарда ойнау шеберлігін көрсетеді.