Аталған орталық таратқан ақпаратқа сәйкес, Астана қалалық ішкі саясат басқармасының бастамасымен елорданың жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры Тұңғыш Президенттің тұлғалық болмысын жастарға дәріптеу, еңбек жолын насихаттау, сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуын, даму барысын талқылау мақсатында жас журналистер арасында конкурс өткізген. Конкурсқа «баспасөз», «телевизия», «радио» аталымдары бойынша жұмыстар қабылданған.
Сондай-ақ 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы бастаған - даңқты Қазақстан!» атты жас ақындар арасында да мүшәйра ұйымдастырылған. Қараша айында екі сайыс бойынша өтініштер қабылданып, арнайы құрылған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.