Елордада жасалған қылмыстар саны төмендеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада полиция департаменті кешенді күштері мен құралдарын гарнизондық қызмет орнына тарату шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаметке сілтеме жасап.

Гарнизондыққызмет орнына таратуды өткізу барысында елордалық полиция департаментініңбастығы Ержан Саденов кезекшілік тәулікте қызмет атқаруға шығатын жеке құрамныңқоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін күзетуді қамтамасыз етугеқойылған міндеттерді орындауға әзірлігін тексерді.

Елордада қызмет атқару елордалық полиция қызметкерлерінеерекше жауапкершілік жүктейді. Қызмет орнына таратуға қатысқан Департаменттіңсаптық қызметтері мен жедел бөліністерін тексере отырып елордалық полициябасшысы Ержан Саденов полицейлердің келіп түскен арыздар мен өтініштерге мұқиятболуына, сондай-ақ азаматтармен мәдениетті және сыпайы қарым-қатынас жасауынаерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар,елорданың тұрғындары мен қонақтары өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс екендігін атапөтті.

Кешенді күштер мен құралдарды гарнизондық қызмет орнынатарату аяқталғаннан кейін полицейлер қызмет атқаруға кіріседі. Осылайша, елордаполицейлерінің 50 пайызға жуығын құрайтын полиция жаяу жасағы қала көшелерін,тұрғын үй алаптарын, парк аймақтарын, сондай-ақ көңіл көтеру мекемелеріорналасқан орындарды патрульдеуге шығады.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері қабылдаған шаралардыңнәтижесінде жылдың басынан бастап барлық бағыттар бойынша қылмыстардың саны 19%-ға төмендеді (қарақшылық - 60%, адам өлтіру - 47%, тонау - 21%, зорлау –8,6%, ұрлық – 24,7%, бұзақылық -51%).

Полиция жаяу жасағының тиімді қызметінің арқасында қоғамдықорындар мен қала көшелерінде қылмыстар саны 24 %-ға, кәмелетке толмағандарарасында 23 %-ға, алкогольді масаң күйде жасалған қылмыстар 22 %-ға төмендеді.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіптің тиісті деңгейін қамтамасызету, көшелерде, аулаларда және өзге де қоғамдық орындарда құқық бұзышылықтардыңалдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «Қауіпсіз аула», «Тұрмыс»,«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіледі.

«Қауіпсіз аула» ЖАШ аясында учаскелік полиция инспекторларыПИК өкілдерімен бірлесіп тұрғын үй кешендері мен көппәтерлі үйлердіңаулаларында тұрғындарды мобильді қабылдауды жүргізеді.

ЖАШ басталғаннан бастап аулаларда 41 қабылдауұйымдастырылып, өткізілді, оның барысында 246 азамат жүгініп, 287 өтініш пенарыз келіп түскен.

Барлық арыздар мен өтініштер бойынша полиция қызметкерлерішара қабылдап, 113 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, құзыретті мемлекеттікоргандарға 39 ақпарат жолданды.