Фестиваль «Аударма ісі», «Қонақ үй шаруашылықтарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Дизайн», «Шаштараз ісі және декоративті косметика», «Тігін өндірісі және киімді жобалау», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Медбике ісі» мамандықтары бойынша басталады.
Сән үлгілерінің жанкүйерлеріне «Тігін өндірісі және киімді жобалау» мамандығында білім алатын студенттері өздерінің үздік киім үлгілерін ұсынады. Іс-шара қонақтарына шаштараздар мен визажистер де өз өнерлерін көрсетеді.
Фестиваль аясында «Дизайн», «Тігін өндірісі және киімді жобалау» мамандығында оқитын студентердің туындыларынан көрме ұйымдастырылады. Сондай-ақ, дайын аспаздық өнімдердің көрсетілімі өткізіліп, «Шаштараз ісі және декоративті косметика» мамандығы бойынша шеберлік сыныптары көрсетіледі.
19:31, 28 Қаңтар 2016
Елордада «Жастар қуаты болашақ қуаты» фестивалі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат Ертең елордадағы Кәсіби-техникалық колледжде «Жастар қуаты болашақ қуаты» фестивалі өткізіледі. Шараны Астана қалалық білім басқармасы ұйымдастырады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.