Астаналық цирк алдындағы концерттік алаңда талантты жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандар өнер көрсетті. Концерт кезінде барлық қатысушылар көңілді флешмобқа қатысты. Бұл күні түрлі бағыттағы 7 алаң жұмыс істеді: қалпақтар сайысы, сурет сайысы, тоқыма тоқитындар арасында жарыс өткізуге арналған аумақ, акварельмен сурет салушыларға арналған жеке аумақ, қынамен мехенди салушыларға арналған аумақ. Халықтық қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, ди-джей Оскардың қатысуымен би кеші өтті.
Мерекелік шараға 1000-нан астам адам жиналды. Келушілер «Тілек ағашында» ізгі ниеттерін білдіріп, лента байлады. Мереке соңында барлық қатысушылар аспанға түрлі түсті шарлар ұшырды.
Ауқымды шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарды елорданың қоғамдық-саяси өміріне тарту, қоғамда арнайы қабілеттері бар адамдар туралы жақсы пікір қалыптастырып, оларға қоғамның белсенді мүшелері деп қарау.