Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 3 Қаулысы қабылданды. Онда енгізілген өзгерістерге сәйкес, қала қай аймақта орналасқанына қарамастан, келушілер мен барлық персоналда «жасыл» мәртебе болған жағдайда Ashyq жобасына қатысушы келесі объектілерде шектеусіз қызмет етуге рұқсат етіледі», - делінген қаулыда.
Ол нысандары мыналар:
сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері;
бассейндер;
марафондар;
көрмелер;
караоке;
діни объектілер.
«Бұл еске алу, салтанатты іс-шараларға, конференцияларға, форумдарға да қатысты», - деп жазады Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Ал мына объектілерге «көк» және «жасыл» мәртебе иелеріне кіру рұқсат етілгендіктен шектеулермен жұмыс істейді:
театрлар, кинотеатрлар;
океанариумдар;
бильярд;
компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, букмекерлік кеңселер;
ЖОО, колледждер, орта білім беру ұйымдары;
қоғамдық тамақтану объектілері.
«Елорданың «қызыл» аймақта орналасқандығын ескере отырып, критерийлерге сәйкес, балаларды сауықтыру орталықтары, театрлар, океанариумдар, бильярд бөлмелері, боулингтер, цирктер, мейрамханалар, кафелер, кинотеатрлар сыйымдылығы 60% дейін жұмыс істеуге құқылы.
Айта кетейік, пандемия кезеңінде бизнестің барлық салаларында мұндай карантиндік жеңілдету шаралары әлі де болған жоқ. Бұл бизнестің белгіленген қауіпсіз жұмыс алгоритмін орындауға деген ерекше жауапкершілігін, сенімі мен міндеттемесін жүктейді», - деп жазылған департаменттіңн түсіндірмесінде.