Елордада жасырын ойынхана анықталды

None
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жасырын ойынхана анықталды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық ІІД-де өткен брифингте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Дмитрий Демидов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ойынхана Қ.Мұңайтпасов көшесіндегі «Үшінші тайм» барының жертөлесінде 3 ай бойы жұмыс жасап келген. Онда 25 ойын автоматы және электронды рулеткасы бар үстел табылды. Тексеру барысында ойын залында 3 қызметкер мен 6 мейман болған. «Ойынханаға кіру үшін адамдар оның қожайынымен телефон арқылы хабарласып, келетін уақыт алдын ала белгіленетін болған. Ал ойынхана қожайыны тек өзінің айналасындағы қалталы таныстарына ғана қызмет көрсетіп отырған. Қылмысы әшкереленіп қалмас үшін өз тұтынушыларын тексеруді де ұмытпаған», - дейді Д. Демидов.Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қарастырылып жатыр.