«Жедел жәрдем колл-орталығына байланыс жүктемесінің жоғарылауын ескере отырып, қосымша өтінім беру арнасы іске қосылды - бұл bot @ns103bot. Ботты пайдаланып, жедел жәрдем шақырта аласыз. Боттың барлық сұрақтарына жауап бере отырып, өзіңіздің ЖСН, сонымен бірге тұрғылықты мекенжайыңызды көрсете отырып, сіздің өтінішіңіз қабылдау бөлімінің диспетчеріне жіберіледі», - деп жазды елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram арнасында.
Әрі қарай қоңырау шұғылдық санаты бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 450 бұйрығына сәйкес анықталады.
«Жеделдік санатын тағайындағаннан кейін, өтінім диспетчердің шақыру кезегіне түседі, ол осы шақыруға бригаданы тағайындайды. Жалған мәліметтер болған жағдайда өтінім қабылданбайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада жедел жәрдем қызметіне жүктеме артқанын мәлім етті.