АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елордада жеке тұрғын үй өртеніп, 32 жастағы азамат иіс тиіп уланып қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, төтенше оқиға Шу көшесі бойындағы жеке тұрғын үйде орын алған. Қызыл жалын шарпыған аймақ 15 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнынан иіс тиіп уланған 32 жастағы азамат ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 12 маман мен 2 техника тартылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.