Елордада жеке үйде болған өрттің салдарынан бір жасар бала зардап шекті

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте елде болған өрт оқиғаларының салдарынан жеті адам зардап шекті,

 деп  хабарлады Төтенше    жағдайлар  министрлігінен.

Қазанның   1-і күні   сағат  01.23-те  Астанада   үлкен өрт    оқиғасы  орын  алды.  Сарыарқа ауданында  мансард типтес     жеке  үй  өртеніп,     300  метр  ауданды  өрт  жалмады.    Оқиға салдарынан  бес адам  күйік    жарақатын  алды,  олардың ішінде 1 жасар бала да бар.  Барлығы  ауруханаға түсті.

Құтқарушылардың    хабарлауынша,    өрт  сағат 06.24-те ауыздықталды. Өртті сөндіруге   27  адам    және 8 техника  жұмылдырылды.

 Осындай  оқиғалар    Таразда және  Теміртауда  тіркелді.  Екі   өрт оқиғасының салдарынан  екі  адам     қаза тапты,  бір адам күйік  жарақатымен  ауруханаға түсті.