Елордада жеке үйден шыққан өрт толықтай сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық өрт сөндірушілер елорданың оң жағалауындағы өртті толықтай сөндірді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Фото: t.me/qr_tjm

27 шілдеде 14:11-де Астана қаласы Ер Қосай көшесіндегі жеке үйдің ауласында тұрған жанғыш сұйықтық — бензин құйылған сегіз бөшке өртенген. Қызыл жалын екі қабатты коттедждің шатыры мен жеке тұрғын үйдің шатырына өткен.
Коттедж шатырының жану аумағы 300 шаршы метрді, жатақхана шатырының жану аумағы 500 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 15:47-де толықтай сөндірілді.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 74 адамы және 14 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.