Жол апаты жайлы видео «za_rulem_astana» Инстаграм парақшасында жарияланды.
«Аталған факт бойынша істің мән-жайы анықталып жатыр. Жүргізуші Байырқұм көшесімен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай көпірдің тіреуішіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатымен жүргізуші ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлайды елорданың Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент аталмыш жағдайдан басқа ешкімнің зардап шекпегенін хабарлайды.