деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ардагерлердің ерлігі мен ержүректілігін еске түсіру ниетімен өткізілген бұл көрмеге 1941-1945 жылдардағы мұрағаттық деректер, кеңес солдаттарының киім-кешектері мен қару-жарақтары, соғыс тақырыбындағы кітаптар қойылған. Сондай-ақ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен оқытушыларының ең үздік соғыс тақырыбындағы 65 жұмысы қойылған арнайы көрме де ашылып, онда қойылған барлық суреттер госпитальге сыйға тартылды.
Мекеме қызметкерлері ұйымдастырған мерекелік концертке ұласқан мәдени шара соңында көрмеге қатысқан туындылардың авторларын арнайы сыйлықтармен, дипломмен марапаттау рәсім өтті.
Мәдени шараға соғыс ардагерлері, ғалымдар және Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николай Селивон, «Нұр Отан» ХДП Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев қатысты.
Көрменің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген "Нұр Отан" ХДП орталық аппараты басшысының орынбасары Құмар Ақсақалов ардагерлерді келе жатқан Жеңістің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мәдени іс-шара "Нұр Отан" ХДП Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен өтті.
Бүгінгі күні еліміздегі ең үздік сегіз медициналық орталықтың екеуі елордамызда орналасқан. Соның бірі - ҰОС-ның мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь. Жыл сайын мекемеден жүздеген соғыс ардагерлері мен мүгедектері сонымен қатар ауған соғысынан, Чернобыль апатынан және Семей ядролық полигонынан зардап шеккен адамдар ем қабылдайды.