Елордада Жеңіс күніне орай отшашу болды

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің 80 жылдығына орай Астана қаласында отшашу болды.

Отшашу сағат 22.00-де екі жерде ұйымдастырылды, яғни Ботаникалық бақта және «Атырау» көпіріне іргелес аумағында атылды. Әр жерде 4 мыңға жуық рет отшашу жарқырады.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ботаникалық баққа жиналған елорда тұрғындары мен қонақтарының қарасы көп болды. Мерекелік отшашуды тамашалауға астаналықтардың дені отбасымен келген.

Айта кетейік, Жеңіс күніне орайластырылған отшашу демеушілік қаржы есебінен ұйымдастырылды.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Еске салайық, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған 100-ден астам түрлі іс-шара өтті. Оның ішінде концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, театрландырылған қойылымдар тағы сол сияқты іс-шаралар бар.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бұған дейін елордада Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік отшашу болатынын хабарлаған болатынбыз.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

7 мамырда елордадағы «Қазақ Елі» алаңында Мемлекет басшысы — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті.