Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін кезекке қою, сондай-ақ кезекті egov.kz электрондық үкімет порталында қарап отыруға болады.
Басқарма таратқан мәліметке қарағанда к езекке қоюға өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы керек.
Осылайша, үйден шықпай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына (10 сотық) жер учаскесін алу үшін кезекке қою және кезегін қарау автоматтандырылды.
Осы уақытқа дейін бұл мемлекеттік қызметті алу үшін басқармаға жүгініп, өтініш беру қажет болатын.