Елордада жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар Жаңа 2014 жылды қарсы алуда

None
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қала халқы Жаңа 2014 жылды қарсы алуға қызу дайындық үстінде. Шыршалар орнатылып, безендірілді. Сонымен қатар, мектептерде үлкен-кішілерге арналған жаңа жылдық іс-шаралар ұйымдастыру қолға алынды.

Шыршаға жетім және мүмкіндігі шектеулі 240 бала қатысады. Бүгінде қаланың Алматы ауданы осы балаларға баса назар аударып отыр, бұл елорда тұрғындарын қатты қуантуда.

Бүгін сағат 17.00 Оқушылар сарайында Алматы ауданы әкімінің салтанатты шыршасы өтеді. Аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған диснейлік мультфильмдердің кейіпкерлері мен мерекенің дәстүрлі басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар қатысады.

Ведомствоның хабарлауынша, шыршада балаларға «Ақ құс» жаңа жылдық ертегісі ұсынылады, онда әр бала ертегі әлеміне саяхат жасап, Жаңа 2014 жылға қалаған ниет-тілектерін жеткізе алады. Ал іс-шара соңында әр балаға тәтті-дәмдер мен сыйлықтар беріледі, деп жазады astana kz.