28 тамызда Қосшы қаласының полиция басқармасына 13 жасар баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.
Полицияның ақпараты бойынша, бала 2 топтағы мүгедек. Аутизмі бар.
Еріктілер оның жоғалғаны туралы ақпарат орналастырды. Қосшы қаласының жеке құрамы мен жұртшылығы баланы іздеуге бағытталды. Іздестіру шараларының нәтижесінде 13 жастағы Леонид Қосшы қаласының маңынан табылды.
Қазіргі уақытта бала полицияда, кейін іздестіру бастамашылары Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіндегі әріптестерге берілетін болады.
Полицейлер өз кезегінде ұл баланы Қосшы қалалық басқармасына жеткізген Қосшы қаласының тұрғынына көрсеткен азаматтық белсенділігі үшін алғысын білдіреді.