«Қабылданған іс-шаралардың арқасында 12 жастағы бала Бәйтерек ауданынан табылды. Қазіргі уақытта жасөспірім үйінде. Ювеналды полиция қызметкерлері аталған отбасын ерекше бақылауға алды. Астана полициясы ата-аналарға баланың жүріс-тұрысын бақылауға алу қажеттігін және оларға тәлім-тәрбие берудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершіліктің бар екендігін ескертеді»,-делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция дәл сол оқушы баланың бұған дейін де үйінен кетіп қалғанын мәлімдеген болатын.
«Қазіргі уақытта бала жүруі мүмкін бағыттардың бәріндегі бейнебақылау камералары тексерілуде. Мұнан бөлек, кәмелетке толмаған жасөспірімнің бірінші рет жоғалмағаны анықталды. Нәтижесіне қарай отбасы жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауына алынады», - деп нақтылаған еді ведомстводан.