Елордада жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі 55 пайыз - Тамыз кеңесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі 55 пайыз деңгейінде. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тамыз кеңесінің қалалық пленарлық отырысы барысында мәлім болды.

«Білім беру жүйесінде 11 856 педагог қызмет етеді. Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі 55 пайызды құрайды», - делінген әкімдік мәліметінде.

Атап айтқанда, бүгінде Астананың білім кеңістігінде 173 түрлі мектепке дейінгі мекеме, 84 жалпы білім беру мектебі, соның ішінде 12 жеке меншіктегі мектеп жұмыс істейді.

16 жылдың ішінде Астанада мемлекеттік мектептер желісі 35-ке артты. Мәселен, 1998 жылы елордада 37 мектеп болса, 2014 жылы олардың саны 72-ге жетті.

2017 жылға дейін елордада жаңа 4 колледж пайдалануға берілмек. Олардың екеуі құрылыс, біреуі энергетикалық және тағы біреуі техникалық бейінді колледж болады.