«Әрбір бесінші жол көлік оқиғасы жая жүргіншілердің кінәсінен болады. 268 жол көлік оқиғасының 54-і немесе 20%-ы жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін сақтамауынан», - дейді баспасөз қызметі.
Астанада биылғы жылдың 4-5 тамыз күндері «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шаралары өткізіледі.
«Рейд шаралары кезінде жолдың қауіпті бөліктерінде жол-патруль қызметтері күшейтіледі, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің өту қауіпсізідігі ережелерін бұзу пен жаяу жүргіншілер жолында жол ережесін бұзушы жүргізушілерге баса назар аударылатын болады», - делінген хабарламада.