балалардың жол-көлік оқиғасынан жарақаттануының алдын алу мақсатында қаланың барлық білім мекемелерін тексерді», деп хабарлады astana.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, автомобиль жолдарының жаяу жүргіншілер жүретін бөлігінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін жол иелеріне ұйғарымдар беріліп, атқарушы билік органдарының басшыларына хабарланды.
Сонымен қатар, Көліктік бақылау өкілдерімен бірлесіп балаларды мектепке тасымалдайтын қалалық көлік кәсіпорындарында да қауіпсіздік талаптарын сақтау және тиісті лицензиялардың болуы тексеріледі.
Жол полициясы басқармасының атап өтуінше, жаңа оқу жылының қарсаңында жол-көше желісінің жағдайы, жаяу жүргіншілер жолақтары, жол белгілері, жол қозғалысын реттеу құралдары, жасанды жарықтандырудың болуы және қойылуы бақылауға алынады.
Сондай-ақ, бұған дейін анықталған кемшіліктерді жою нәтижелері тексеріледі.