АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Ертең, сәуірдің 28-інде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі «ҚазГерҚұрылыс» қазақстандық-германдық холдинг базасында «Жол жамылғысын төсеу және күтіп ұстау жөніндегі қазіргі заманғы технологиялар» тақырыбында ғылыми-техникалық семинар-кеңес өткізеді.
Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Семинарға жол құрылысы саласындағы кәсіпорындар мен мамандар, ғалымдар қатысады.
«Семинар барысында Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов пен сараптау ұйымдары өкілдері қатысуымен журналистерге арналған брифинг ұйымдастырылады», делінген баспасөз баянында.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.