Елордада жолдар бойындағы белгілерді жаңарту жұмыстары басталды - жол полициясы

None
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап елорданың көше жолдары желісінде жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жол белгілерін жаңарту барысында бояулар, термопластик пен суық пластиктер қолданылады. Қазіргі уақытта ауа температурасы 15 градустан жоғары көтерілмей отырғандықтан жұмыстар күндіз жүргізіледі. Ал ауа температурасы көтерілген кезде жол белгілерін жаңарту жұмыстарының кестесі қайта қарастырылатын болады, яғни жұмыстар түнгі уақытта жүргізіледі.  

«Осыған орай жол полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларына барынша ұқыпты болуға және жұмыс жүргізіліп жатқан жерлерге қойылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырады», - делінген хабарламада.