Елордада «Жолдардағы балалар қауіпсіздігі» іс-шарасы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада «Жолдардағы балалар қауіпсіздігі» іс-шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 2022 жылғы 14-23 ақпан аралығында елорда аумағында «Жолдардағы балалар қауіпсіздігі» атты республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

«Іс-шараның мақсаты - балалардың жол-көлік оқиғалары салдарынан алатын жарақаттарының деңгейін төмендету, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жолдардағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайту. Қала жолдарында қырағылық пен сақтықты танытуды сұраймыз», - деп атап өтеді департаменттен.