«Аталған факті бойынша «Mercedes Benz» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты көлікті мас күйде жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-тармағымен әкімшілік іс қозғалды. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жол бөлігіне шығып кеткені үшін «Mercedes Benz» көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-тармағымен әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар жүргізушінің үстінен ҚР ӘҚБтК 595-бабы 1 тармағы және 630-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомстводан.
Әкімшілік соттың шешімімен 22 жастағы жүргізуші 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тағы бір «Mercedes Benz» көлігінің 31 жастағы жүргізушісін қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабы 3-тармағымен және 590-бабы 9-тармағымен әкімшілік іс қозғалды. Мұнан бөлек, «Toyota Camry», «BMW», «Mercedes Benz» көліктерінің жүргізушілерінің үстінен де әкімшілік іс қозғалып отыр. Ал ұсталған көліктердің барлығы коммуналдық тұраққа қойылды.