Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, 23-25 тамыз аралығында жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Нұр-Сұлтанда бірқатар көшелер жабылады.
Орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, 23-25 тамыз аралығында көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланған.
Сондай-ақ Жұбанов көшесінде Абай даңғылынан көшенің соңына дейін жол құрылысы жүріп жатыр. Дәл осы мерзімде қозғалыс тоқтайды.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін баратын бағытын алдын-ала жоспарлау керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілдері.