«Жоспарымыз өте көп. Дегенмен, қазіргі уақытта негізінен жемқорлыққа қарсы жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан полиция қызметкерлердің халықпен тікелей араласуын төмендетудеміз. Барлық процесті автоматтандырып, бүкіл мәселені ципфрландырып, автоматты режимде жүргізетін боламыз. Осы бағытта дамып келеміз. Түрлі ереже бұзушылық бар. Автомобильдердің жол бойында, аялдамада, тұрақта тұру ережесін бұзуымен қатар жүк көліктерінің де ережені аттап өтуін автоматты түрде тіркеуді қолға алдық. Яғни, «жүк квадраты» деп аталатын түсінік бар. Біз сол квадратқа белгі қойып, учаскедегі ереже бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейміз» - деді Елжан Шүпеков ҚазАқпарат тілшісінің сауалына орай.
Айта кетейік, бүгіннен бастап елорда аумағында көлігін жол бойында қалдырып кететін жүргізушілерге айыппұл салу басталады. Айыппұл салу қала көшелерін аралап жүретін 2 көліктің ішіне орнатылған арнаулы аппарат арқылы жүзеге асырылады. Аппарат құқық бұзушылық жасалған көлік құралдарының нөмірлерін таниды және тіркейді, GPS⁄ГЛОНАСС көмегімен нақты орын мен уақытты анықтайды.