Елордада жүк көліктерінің қозғалысы қатаң бақылауға алынды

Фото:  «ҚазАвтоЖол» ҰК

АСТАНА. KAZINFORM — Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жолдың бұзылуын алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Астана қаласында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейтіледі. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті. 

Аталған шаралар Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, қала әкімдігі және полиция органдарымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр.

— Бақылау қалаға кіретін және шығатын негізгі бағыттардағы жылжымалы көлік бақылау бекеттері арқылы, сондай-ақ автоматтандырылған салмақ өлшеу станцияларының көмегімен жүзеге асырылып жатыр, — делінген хабарламада.

Белгіленген салмақ параметрлерінен асып кеткен жағдайда, құқық бұзушыларға бұзушылық деңгейіне қарай айыппұл санкциялары қолданылады.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен жүретін көлік құралдары үшін осьтік жүктемеге қосымша шектеулер енгізілген.

Астана қаласы жолдарының сақталуын және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыр жүк көліктеріне бақылау жұмыстары жалғасатын болады.

Айт акетейік, электрондық кезек арқылы шекарадан 1 млн астам жүк көлігі өткен.