Елордада жүлде қоры 120 миллион теңгені құрайтын ат жарысы аяқталды

Фото: Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда іргесіндегі «Қазанат» атшабарында Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Astana Cup» турнирі жеңімпаздарының есімі белгілі болды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

100-ге жуық жүйрік сынға түскен ат жарысында 6 қашықтық бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Фото: Астана әкімдігі

Ұшқыр бәйге. 1 200 метр. 9 қатысушы

1-орын. «Скайлер Блэйк». Шабандоз - Расул Алпысбай. Бапкері - Магомет Каппушев, ат иесі - Марат Кушеров - 5 млн теңге

2-орын. «Икарус». Шабандоз - Мырзабек Каппушев. Бапкері - Нұржігіт Табылдиев, ат иесі - Нұржігіт Табылдиев - 3 млн теңге

3-орын. «Амайя» Шабандоз - Жеңіс Диас. Бапкері - Аида Ташмуратова, ат иесі - Жомарт Капанов - 2 млн теңге

Фото: Астана әкімдігі

Ұшқыр бәйге. 1 600 метр. 5 қатысушы

1-орын. «Мэрайя». Шабандоз - Күрімбек Дидарбек. Бапкері - Күрімбек Дидарбек, ат иесі - Владимир Старых - 5 млн теңге

2-орын. «Хакан. Шабандоз - Болат Абдыхамит. Бапкері - Керімбек Өмірәлиев, ат иесі - Болат Қожамсейітов - 3 млн теңге

3-орын. «Шардара» Шабандоз - Нұртөре Нәсіпбек. Бапкері - Геннадий Исанов, ат иесі - Мақсат Ақаев - 2 млн теңге

Ұшқыр бәйге. 1 800 метр. 14 қатысушы

1-орын. «Нур Шатоя». Шабандоз - Күрімбек Дидарбек. Бапкері - Дәурен Жүсіпов, ат иесі - Қайрат Жұмағалиев - 5 млн теңге

2-орын. «Пионер Пак». Шабандоз - Қайрат Доқтырбаев. Бапкері - Евгений Караваев, ат иесі - Бейбарыс КХ- 3 млн теңге

3-орын. «Фат Ир» Шабандоз - Дәурен Жүсіпов. Бапкері - Эдуард Ах, ат иесі - Бақтияр Байзақов - 2 млн теңге

Фото: Астана әкімдігі

Ұшқыр бәйге. 2 000 метр. 14 қатысушы

1-орын. «Флэтчер». Шабандоз - Расул Алпысбай. Бапкері - Магомет Каппушев, ат иесі - Марат Кушеров - 15 млн теңге

2-орын. «Кип Голд. Шабандоз - Дәурен Жүсіпов. Бапкері - Эдуард Ахмолдин, ат иесі - Махамбет Пайдин мен Алмас Сапаев - 10 млн теңге

3-орын. «Ел Орда» Шабандоз - Жеңіс Диас. Бапкері - Аида Ташмуратова, ат иесі - Ұлан Умаров - 5 млн теңге

Фото: Астана әкімдігі

Топ бәйге. 12 шақырым. 24 қатысушы

1-орын. «Байдик». Шабандоз - Диас Жартыбай. Бапкері - Әділет Ноқатай, ат иесі - Ардақ Сарсекеев - 15 млн теңге

2-орын. «Бәйтерек». Шабандоз - Аңсар Арыстанбек. Бапкері - Жамбыл Бөбекбай, ат иесі - Қасым Алтынбай - 10 млн теңге

3-орын. «Найза» Шабандоз - Дамир Ілесбек. Бапкері - Нұржігіт Табылдиев, ат иесі - Нұржігіт Табылдиев - 5 млн теңге

Фото: Астана әкімдігі

Аламан бәйге. 18 шақырым. 32 қатысушы

1-орын. «Қарлығаш». Шабандоз - Амир Сералы. Бапкері - Азамат Мирсалимов, ат иесі - Мейрамхат Искаков - 15 млн теңге

2-орын. «Көкдауыл». Шабандоз - Аңсар Арыстанбек. Бапкері - Жамбыл Бөбекбай, ат иесі - Қасым Алтынбай - 10 млн теңге

3-орын. «Тасқын» Шабандоз - Юбыр Ерқанат. Бапкері - Мұрат Досбергенов, ат иесі - Мұрат Өсербаев - 5 млн теңге

Айта кетейік, жалпы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау демеушілер есебінен жүргізілді.

Бұған дейін Астанада әскери қызметшілер Жеңіс мерейтойына арналған салтанатты шеруді пысықтағанын жазған едік.