деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31-ші арнаның осы аттас музыкалық бағдарламасы шеңберінде өтетін мәдени іс-шараға елімізге танымал Қарақат пен Қыдырәлі, Саят Медеуов, Айгүл Иманбаева, Асқар Жүнісбеков, Бейбіт Қорған, Ақылбек Жеменей, Еркін Нұржанов, Маржан Арапбаева, «Бәйтерек» тобы, Қайрат Нұртас сынды өнер жұлдыздары қатысады. Кешкі сағат 19-00-да басталатын концертті Нұрлан Еспанов пен Федоржан жүргізеді.