Елордада «Жұлдыздардың қолтаңбасы» көрмесі ашылды
10:15, 17 Қаңтар 2011
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - 7-Қысқы Азия ойындарының елордадағы ресми ойын-сауық кешені болып табылатын «Сарыарқа» сауда үйінің 2-қабатында «Жұлдыздар қолтаңбасы» көрмесі ашылды.
"Онда әлемге танымал футболшылардың қолтаңдалары қойылған футболкалар қойылып отыр", - деп хабарлады Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
Көрмеге 90-нан астам жәдігер қойылған, олардың қатарында Марадона, Пеле, Паоло Мальдини, Эрик Кантона, Дэвид Бэкхем, Зидан, Роналдиньо, Кака, Месси, Анри, Дрогба сияқты атақты аяқдоп шеберлерінің қолтаңбалары, сондай-ақ «Милан», «Бавария», Арсенал» сияқты футбол клубтарының және 1986 жылғы Аргентина құрамасының саңлақ спортшыларының қолтаңбалары бар.
Келушілерге есік ашық. Көрме Азиялық ойындар аяқталғанша істейді.