Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтер спектрін онлайн режимде ала алады.
«COVID-19 короновирус инфекциясын таратпау мақсатында Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік көшесі, 25) және «Жанұя» отбасын қолдау орталығында (Бейбітшілік көшесі, 14) азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылады» делінген хабарламада.
Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтердің спектрін 57-88-88 Call-орталығы, электронды пошта және мобильді байланыс арқылы онлайн ала алады.
Қызметтер туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның (fb: @cz.astana.kz, inst: @czn_astana) әлеуметтік желілерінде жарияланады.