Елордада жүргізуші 3 жасар баланы қағып кетті

АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні сағат 13.19-да елорданың «Сарыарқа» ауданында, Герцен және Новая көшелерінің қиылысынша 18 жасар жүргізуші екі адамды қағып кетті,

деп  хабарлайды Төтенше  жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Жол-көлік оқиғасының салдарынан    3 жасар бала мерт болды.   Екінші адам, 36 жастағы   ер  азамат  түрлі  жарақатпен  ауруханаға  түсті.