Елордада жүргізуші мен кондуктор бойжеткенді ажалдан аман алып қалды
«№71 автобустың жүргізушісі мен кондукторына зор алғысымды білдіремін. Олар қазір ғана көз алдымда 18 жастағы қыздың өмірін аман сақтап қалды. С.Асанбаев пен оның көмекшісі Н.Төлегеновке көп рахмет, енді Н-ның өміріне қауіп жоқ», - деп жазды Ләззат Әділхан Фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Не? Қайда? Қашан?» деп аталатын топта.
Оның сөзіне қарағанда, бойжеткен автобуста өзін нашар сезініп, естен танып құлаған.
«Еуразия» аялдамасынеа жете бергенімізде оның көздері ақшиып кетті. Бойжеткенді автобустан көтеріп шығып, алғашқы медициналық көмек көрсете бастады. Бірден жедел жәрдем шақырылды. Ол да жылдам келе қалды. Автопарк қызметкерлері мен өзге де жолаушылардың арқасында бойжеткен біршама есін жинады. Қызды дәрігерлерге тапсырып, біз әрі қарай өз жолымызбен кеттік», - дейді Ләззат Әділхан.