Бұл туралы қалалық мәслихаттың Заң, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысында Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасын бақылау бөлімінің басшысы Руслан Бешеев мәлімдеді.
Комиссия төрағасы Николай Мещеряковтың бастауымен тұрақты комиссия аудандық әкім аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің жұмысымен танысып, мәселелерін тыңдады.
Аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің жұмыстарымен танысқан халық қалаулылары Астанада электронды үкімет порталы арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің үлесін арттыру керектігін айтты.
Комиссия төрағасы Николай Мещеряков аудандық АХАТ бөлімдеріне бару кезінде анықталған мәселелердің көбін шешу үшін белгілі бір уақыт керек екендігін жеткізді.
Тұрақты комиссияның көшпелі отырысына «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің орынбасарлары, департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты, деп хабарлайды astana.kz.