Елордада жылу желісінің құбыры жарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Елордада жылу желісінің құбыры жарылды. Бұл туралы «Астана-Теплотранзит» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылу беру маусымына дайындық аясында «Астана-Теплотранзит« АҚ бұрын бекітілген кестеге сәйкес жылу желілерін сынақтан өткізіп, тексеру жүргізіп жатыр. Сынақ жүргізілетін аумақтағы барлық тұтынушылар алдын ала хабардар етіледі. 2020 жылғы 13 мамырда жылу желілерінде сынақ жұмыстарын жүргізу барысында Омаров 53 көшесінде орналасқан құбыр жарылды. Қазіргі уақытта бұл аумақ ажыратылды, жылу желілеріндегі сынақ жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген компания ақпаратында.