Елордада жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысы таныстырылды - Көлік және коммуникация министрлігі

None
АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын таныстыру аясында баспасөз мәслихаты өтті. Оған көліктік бақылау комитетінің автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының бастығы Болат Смагұлов, «Сарыарқа» аймақаралық көліктік бақылау инспекциясының бастығы Болат Жұмабеков қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Б.Смагұлов атап өткендей, қазіргі уақытта автокөлік құралдарының ішкі тасымалының қарқындылығы шекара жолындағы қарқындылықтан тоғыз есе көп. Онда да ішкі стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің орналасуы республиканың кең аумағын барынша қамти алмайды. Негізінде ұзақтығы 62 мың шақырымнан астам жергілікті маңызы бар автожолдарда және ұзақтығы 3 мың шақырымнан астам республикалық автожолдарда автокөлік құралдары қозғалысының көліктік бақылауы жоқ.

Ішкі қозғалыстар көбінесе көлік саласындағы қолданыстағы заңнамалар нормаларын бұзумен жүзеге асырылады. Осылайша, жыл сайын заңсыз автобустар жөнелтілетін орындар көбеюде (Тараз бен Шымкенттің өзінде ғана автобустар жөнелтілетін 20 автобекеттер қолданыста, Сарыағаш селосынан автобустар тікелей жеке үйлердің жаңынан, Астана қаласында «Шанхай» базарынан, теміржол вокзалы алаңынан жөнелтіледі). Онда да табыс табу мақсатында жүргізушілер қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеуде.

Жылжымалы бекеттерді енгізу жолаушылар мен жүк тасымалы қауіпсіздік деңгейін жоғарылатып, автомобиль жолдарының желісін сақтауға, шаруашылық субъектілеріне таңдамалы және сапалы тексеріс жүргізуге, сонымен қатар жолаушылардың заңсыз жөнелтілу орындары анықтауға, стационарлық көліктік бақылау бекеттерін айналып өту фактілерін болдырмауға мүмкіндік беруде.

Қазіргі күні республикалық деңгейдегі автожолдарда 29 бағыт бойынша көліктік бақылауды жүзеге асыратын 20 жылжымалы бекеттер жұмысы ұйымдастырылған.

Көліктік бақылау органдарының мамандандырылған автокөлігінің арнайы белгісі бар, тиісті заманауи бақылаудың техникалық құралдарымен жарақталған (тасымалданатын таразы, газанализатор, түтін өлшегіш, дешифратор және тағы да басқы бақылау-өлшеу құралдары).

Баспасөз мәслихаты барысында көліктік бақылау органдарының қызметкерлері жол полициясының өкілдерімен бірлесіп Астана қаласының вокзал маңындағы алаңдағы жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен шұғылдануға арналған кездейсоқ орындарда тексеріс жүргізді, онда жолаушыларды рұқсатнама құжатынсыз, автокөлікті рейс алдындағы техникалық байқаудан өткізбей және жүргізушілерді медициналық сараптамадан өткізбей тасымалдау фактілері анықталды.

Баспасөз турын қорытындылай келе автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының бастығы Болат Смағұлов жылжымалы көліктік бақылау бекеттері әкімшілі кедергі емес, керісінше көлікті қызмет көрсетудің өркениетті рыногын қалыптастыруға бағытталатындығын атап өтті.

Наурыздың 26-31-сы аралығында осындай шаралар бүкіл республика аумағында өткізіледі.