Елордадағы Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 22 сәуірден бастап Абай даңғылының Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі аралықта жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

Осыған байланысты қозғалыс кезең-кезеңімен жабылады. 

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада бірнеше көшенің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылатынын хабарлағанбыз.