Елордадағы Алматы көшесінің учаскесі жартылай жабылды

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Алматы көшесінің Саураннан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты 2025 жылдың 7-10 маусымы аралығында аталған учаскеде қозғалыс жартылай жабылады. Бұл ретте көліктердің қозғалысы екі бағытта ұйымдастырылады. 

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен бағыт белгілері орнатылады. 

Бұған дейін Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты қандай жолдар жабылатынын жазған едік.